С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы жанынан ұйымдастырылған “Археологиялық лагерьдің” қатысушылары бүгінгі күнін ҚР Ұлттық мұражайында өткізді.
Бұл ерекше сапардың мақсаты – оқушыларға еліміздің тарихи-мәдени мұраларын таныстыру, өткен мен бүгінді салыстыра отырып, ұлттық сана-сезімдерін арттыру болды.
Балалар мұражай залдарын аралап, көне артефактілермен танысып, тарих беттеріне саяхат жасады. Көңілді әрі танымға толы күн шәкірттердің ой-өрісін кеңейтіп, туған елге деген құрметін нығайтты.
“Археологиялық лагерь” – Ұлттық мұражайда
