Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін дамыту мақсатында «KITAPLIKE» жобасы өз жұмысын бастады.
✨ Жоба аясында қатысушылар оқу мәдениетінің маңыздылығымен танысып, сүйікті авторлары мен кітаптары туралы пікір алмасты. Танымдық ойындар мен қызықты викториналар іс-шараны одан әрі жандандыра түсті.
📖 Кітапты бірге оқып, бірге ой бөлісу – баланың ой-өрісін, сөздік қорын, таным көкжиегін кеңейтуге зор мүмкіндік.
📌 Жоба соңында қатысушылар келесі кездесуге арналған шығармашылық тапсырмалар алды.
🎯 «KITAPLIKE» – тек оқу емес, шабыт сыйлайтын алаң!
Кітап – білім бастауы
