🎉 9 маусым күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы жанындағы «Ақ желкен» жазғы сауықтыру лагерінде ерекше көңілді әрі әсерлі шара өтті — «Ханшайым мен Ханзада» байқауы!
💫 Бұл шара – өнер мен сұлулықтың, ақыл мен тапқырлықтың мерекесі болды. Қатысушылар сахнада өз өнерін, шешендігін, сымбаттылығын, және нағыз ханзада мен ханшайымға лайық қасиеттерін паш етті. Көрермендер ықыласына бөленіп, нағыз жұлдыздай жарқырады!
👑 Бас жүлде иегерлері: – Ханзада — Абдыхалыков Дамир
– Ханшайым — Самет Аруна
🏅 Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
🙏 Барлық балаларға алғысымыз шексіз! Бұл байқау олардың бойындағы сенімді арттырып, достық пен бірлікке баулыды.
💖 Біздің балалар – біздің мақтанышымыз!
"Ақ желкен" лагеріндегі ертегіге толы күн!
