Бүгін мектебімізде өткен сурет байқауы – баланың әкесіне деген махаббаты мен алғысын жүректен шыққан бояулар арқылы жеткізудің жарқын үлгісі болды.
🖌 Қатысушылар өз суреттерінде әкенің отбасыдағы орны, қамқорлығы мен мейірімін ерекше сезіммен бейнеледі. Әр туынды – баланың ішкі жан-дүниесінің, әкесіне деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің көрінісі.
👨👧 Бұл байқау тек шығармашылықты дамыту емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттап, әкеге деген құрмет пен ілтипатты тереңдете түсті.
📌 Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!
🌟 Әр бала – өз отбасындағы жарық жұлдыз, ал әке – соған бағыт беретін шамшырақ.
«Әке – үлгі, әке – өнеге» сурет байқауы
